Жаңалықтар
Төтенше жағдайлар қызметкерлері 27 жылда 401 мыңнан астам адамды құтқарған
- авторjambylinfo.kz
- 19 қазан, 2022
- 415
Төтенше жағдайлар қызметкерлері 27 жылда 401 мыңнан астам адамды құтқарған
1995 жылдан бері қазақстандық құтқарушылар 1 млн 545 мыңнан астам төтенше жағдай орнына барып, оларды жою жұмыстарына қатысқан. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев айтты.
«1995 жылдан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін біздің қызметкерлер 1 млн 545 мыңнан астам төтенше жағдай орны мен өрттерге барып, оларды жою жұмыстарына қатысты. Олардың қызметі, кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында 401 мыңнан астам адам құтқарылды. Төтенше жағдай болған түрлі аймақтардан 366 мыңнан астам адам эвакуацияланды, 66 мыңнан астам зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді», - деп 27 жылдық жұмыс нәтижесімен бөлісті Ибрагим Күлшімбаев.
Брифинг аясында төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі құтқарушылардың жалақысына қатысты да пікір білдірді. Оның айтуынша, қызметкерлердің қазіргі жалақысы жеткіліксіз деңгейде.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала