Жаңалықтар
Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәртебесі өзгермек
- авторjambylinfo.kz
- 19 қазан, 2022
- 243
Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәртебесі өзгермек
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қоғамдық жоғары маңызы бар өзге даталармен қатар мерекеленуі мүмкін. Мұндай ұсыныс ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысында көрсетілген.
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 23 маусымдағы № 22-32-18/22-2447-5 қбп тапсырмасын орындау мақсатында, онда 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастап, Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты мерекелеуді айқындау ұсынылады», - делінген қаулы жобасында.
Құжат Ашық НҚА сайтында 3 қарашаға дейін талқыланады.
Еске салайық, 7 қыркүйекте Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауға бағытталған заң жобасын мақұлдаған болатын.
Айта кетейік, бұған дейін 1 желтоқсан мемлекеттік мереке ретінде тойланып келді және осы күні қазақстандықтарға демалыс берілетін.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз