"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына конкурстық өтінімдерді қабылдау басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 маусым, 2025
- 228

Қазақстанда шығармашыл және белсенді жастарды қолдауға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2025 жылы байқау аясында әрқайсысы 3 миллион теңге көлеміндегі 30 грант бөлінеді. Грантқа 14 пен 34 жас аралығындағы кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады.
Гранттар төмендегі алты бағыт бойынша жобаларды жүзеге асыруға беріледі:
Ғылым – жаңа ғылыми жобалар мен зерттеулерді іске асыруға;
Мәдениет – Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттау, халықтық дәстүрлер мен өнерді дәріптеу жобаларына;
Ақпараттық технологиялар – жаңа IT-жобаларды әзірлеу мен іске асыруға;
Бизнес – жаңа кәсіпкерлік идеяларды жүзеге асыруға;
Медиа – жаңа медиа-жобаларды, соның ішінде әлеуметтік жобаларды дамытуға;
Волонтерлік – өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған волонтерлік бастамаларға.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі (мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде):
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім (PDF форматы);
2) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы (word форматы);
3) Жоба бойынша бейнематериал (60 секундтан аспайтын) немесе презентация
(10 слайдтан аспайтын);
4) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы
(word форматы);
5) Зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса, PDF форматы);
6) Жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі (PDF форматы).
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидалары (жүктеу)
Ұқсас жаңалықтар
26-27 маусым күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Минск қаласына барады
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 маусым, 2025