сейсенбі, 24 маусым, 2025 1:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Петропавлда екі жасар баланың тамағына күнбағыс дәнегі тұрып қалып көз жұмды

Петропавлда екі жасар баланың тамағына күнбағыс дәнегі тұрып қалып көз жұмды
Фото: Depositphotos.com
Қайғылы оқиға 13 маусым күні орын алған.

Петропавл қаласында екі жасар бала күнбағыс дәнегіне тұншығып, қайтыс болды. Бұл ақпаратты Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ведомствоның мәліметінше, бала оқыс жағдайда тұншығып қалған.

«Бірлік» шағын ауданында күнбағыс дәнегіне тұншығып, екі жасар бала көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде», – делінген полицияның ресми хабарламасында.

Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, бала өлімінің нақты себептері мен оған ықпал еткен факторлар зерттеліп жатыр.

Жергілікті дәрігерлер мен құтқарушылар балалар арасында тұрмыстық қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін ескертіп отыр. Ұсақ заттар, оның ішінде жаңғақ, дәнек, ұсақ ойыншықтар, кәмпит секілді тағамдар кішкентай балалар үшін тұншығу қаупін тудыратынын ата-аналар естен шығармауы тиіс.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар