жексенбі, 22 маусым, 2025 12:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандықтарды алдағы аптада табиғаттың тосын мінезі күтіп тұр

Қазақстандықтарды алдағы аптада табиғаттың тосын мінезі күтіп тұр
ашық дереккөз
Алдағы аптада, атап айтсақ 17-19 маусым аралығында елімізде күн райы күрт бұзылмақ.

Мәселен, синоптиктердің хабарлауынша солтүстік өңірлерде күндізгі температура 20–31°С шамасында сақталып, салыстырмалы түрде салқын болады. Орталық аймақтарда аптап ыстық күтіледі — сынап бағанасы 42°С-қа дейін көтеріледі, ал 19 маусымда 27–32°С-қа дейін төмендейді. Шығыста ауа температурасы 40°С-қа дейін жетіп, қатты ыстық болады. Оңтүстік-шығыс өңірлерде де 42°С-қа дейін аптап ыстық күтіледі. Оңтүстікте күндіз 43–46°С аралығында өте ыстық болады, кейін температура 30–38°С-қа дейін төмендейді.

Синоптиктер мұндай ыстық күндері көпшілікке көбінесе көлеңкеде жүруге, бөтелкемен су алып жүруге кеңес береді. 

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар