Талапкерлерге арналған маңызды ақпарат: грантқа өтініш қабылдау басталады
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 маусым, 2025
- 401

Мемлекеттік білім гранты байқауына құжат қабылдау мерзімі жарияланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстанда 2025 жылғы мемлекеттік білім гранты байқауына қатысу үшін құжат қабылдау 13–20 шілде аралығында жүргізіледі.
Талапкерлер құжаттарын жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн немесе eGov порталы арқылы онлайн тапсыра алады.
Грант конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
Жеке куәлік
ҰБТ сертификаты
3x4 көлеміндегі фотосурет
Орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом
Жеңілдік санатындағы үміткерлер үшін растайтын құжаттар
B167 «Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану» мамандығына өтініш берушілер үшін – ұшу-сараптамалық комиссияның медициналық қорытындысы
Қосымша ақпарат алу үшін талапкерлер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына жүгіне алады.
Ұқсас жаңалықтар
26 жылқыны заңсыз иемденген семейлік азамат анықталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 шілде, 2025