
BNK коммерциялық банкі Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен лицензия алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
BNK Finance — оңтүстіккореялық микрокаржылық ұйымының бөлімшесі — Қазақстанда 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2024 жылғы маусымда бұл ұйымды банкке айналдыруға рұқсат берілген болатын. Ал 30 мамырда агенттік қайта құру шараларының орындалуы туралы есепті бекітті. Осыдан кейін компания мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.
«Бұл — Қазақстанда 2010 жылдан бері алғаш рет берілген банк лицензиясы. Бұл оқиға еліміздің қаржы жүйесінің жаңа кезеңге – корпоративтік басқару деңгейі жоғары және технологиялық дамыған шетелдік қатысушыларды тартуға дайындығын көрсетеді», – делінген агенттік хабарламасында.
Қазіргі таңда банк заңды тұлғалармен жұмыс істей алады. Ал жеке тұлғаларға қызмет көрсету үшін депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесіне қосылуы қажет. Ұйым банкке айналған сәтте оның активтері 25,8 млрд теңгені, ал несие портфелі 21,8 млрд теңгені құраған. 2024 жылы бұл ұйым Қазақстандағы микрокаржы ұйымдары арасында актив көлемі бойынша 15-орында болған.