дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Тараз – Көркі!»  атты фото байқау

«Тараз – Көркі!»  атты фото байқау
ашық дереккөз
2024 жылдың 9 қазан күні Жамбыл облысының 85 жылдығына және «Қала күні» мерекесіне орай Қайрат Рысқұлбеков саябағында  «Тараз – Көркі!»  атты фото байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

  Жалпы аталмыш шараның басты мақсаты – Жамбыл облысының 85 жылдығы және «Қала күні» мерекесіне орай 2000 жылдан астам тарихы бар Тараз қаласының бүгінгі кескін-келбетін фото  өнері арқылы насихаттап, жаңарып, көркейген шаһарды көпшілікке жаңа қырынан таныту. Сондай-ақ, осы байқау арқылы кәсіби мамандарды анықтап, олардың еңбектерін халық арасында кеңінен насихаттау.
    Байқауға  қала жастары мен тұрғындары қатысып, үздіктер іріктеліп, 7 номинация бойынша сыйлықтар табыс етілді.
    Нәтижесінде үздік үштік анықталды,  Тоқташ Арнат Саматұлы «Үздік репортаж» номинациясы, Нысанбай Даурен Орынбекұлы «Фото минимализм» номинациясы,  Қамшыбек Ислам Болатбекұлы «Қас қағым сәт» номинациясы бойынша марапатталды.     Сондай-ақ, байқауға белсенді қатысқан қала тұрғындарымен жастарға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Олар: Каленова Ұлжан Медербекқызы «Қас қағым сәт» номинациясы, Дядык Максим Андреевич «Үздік қала пейзажы» номинациясы, Өрнек Мерей «Мөлдір табиғат» номинациясы және Абильмажинова Назерке Ерсінқызы «Түнгі пейзаж» номинацияларымен марапатталды.
    Марапат иелерін арнайы Тараз қаласы әкімінің орынбасары Жауынбекова Гүлдана Әлімжанқызы марапаттады.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар