Тараздағы қоғамдық көлік мәселесі шешілмей келеді
Қазақстан-егемен ел болып, ішкі және сыртқы саясатын белсенді жүргізіп келе жатқанына отыз жылдам асты. Осы уақыт аралығында, көптеген белестерге жетіп, әлі күнге дейін тұрақтандыру, жүйелеу жұмыстарымен айналысып келеді. Сондай жүйелендіруді талап ететін, маңызды тақырыптардың бірі-қоғамдық көлікпен халықты қамтамасыздандыру...
Қазақстанда да бұл сала о бастан қолға алынған, десе де бүгінгі күні аталмыш көліктер, сапа мен стандартқа сай деп айта алмаймыз. Еліміздегі әрбір мегаполисте бұл басты мәселе болып отыр. Халықтың қалтасына бағасы тиімсіздігімен қатар, автобустар мен микро автобустардың сапасы нашар, техникалық жағынынан өте ескі, дөрекі жүргізуші мен оның көмекшісін қайтерсіз? Еліміздің көрікті шахарларынының өзінде 100% бұл мәселе шешімін таппаған. Күнделікті жаңалықтардан кемі бір рет аталмыш тақырыптың өрескел қателіктерін көріп жүрміз, сондағы халықтың жан айқайына кімдер жауапты? Соңғы кездері тіпті жол ережесіне бағынбай, адам қағу, жол үшін төбелес, жол ақыдан үстемақы көру, тіпті адам өлімі факторлары да жиі тіркеле бастады. Жеме-жемге келгенде, бірін-бірі кінәлау, қылмысты мойындамау, ебін тауып қылмыстан сытылып шығу сынды әрекеттер көбеюде.
Бұл мәселе жөнінде аймақ басшысы:
«Тараз қаласында, облыс орталығындағы қоғамдық көліктердің жетіспеушілігі мәселесі субсидия арқылы шешімін тапты. Ол үшін бюджеттен 2 млрд 200 мың теңге көлемінде қаржы қаралған. Жыл сайын 70-100 жаңа автобус алу мақсаты бар, алдағы 3 жылда жаңа бағыттарға қатынайтын көліктер санын арттырамыз» ,- деген болатын.
Дәл қазір көне қалаға 200-ден аса автобус жетіспейді. Қала жұрты автобустардың аздығы мен сапасына жиі сын айтады. Үнемі кестеден кешігуі қала тұрғындарын әбден қажытқан. Осы орайда халық өздерінің уәжін білдірді:
«Қыстыгүні аязда, жазда аптап ыстықта аялдама сағаттап тұрып қиналамыз».
Әсіресе, қаланың шетінен қатынайтындарға оңайға соқпай отыр.Кешке қарай, кей кездері тіпті кесте бойынша жүруі тиіс автобустардың қарасын да көрмейтін кездер болады,-деп ашынады халық.
Иә, жаңа қоғамдық көлік пайдалануға берілгені және берілетіні қуантатын жағдай, десе де ондағы қызмет пен сапаны, білікті жүргізушінің де жағдайын қарастыру қажетпіз. Барынша, ескі автобустарды пайдалануды тоқтату керек, адам өміріне қауіпті, жанармай мен орындықтарының саны түгел емес, көліктерді қолдануға тыйым салу керек.
Халық-діттеген орнына жету үшін, қысылыса-сығылыса есіктен шығып кетердей болса да, автобусқа отырады. Уақыт аз, қайта келмейді, тағы көптеген себептермен. Ал, олардың қауіпсіздігін тәуекелге тігу өрескел қателік,-деп ойлаймын.Қорыта келгенде халық ақы төлеп, көлікке отырған соң, мейлінше жағдай жасалыну қажет. Автобустардың саны көбейіп, сапасы жақсарса, ол да халық үшін игі өзгеріс болары анық.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз