сенбі, 2 қараша, 2024 17:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында аптап ыстықта дәрігерге жүгінгендер көбейді

Жамбыл облысында аптап ыстықта дәрігерге жүгінгендер көбейді
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында аптап ыстықта дәрігерге жүгінгендер көбейді
Жамбыл облысында аптап ыстыққа байланысты жедел жәрдемге тыным болмай тұр. Мамандар мамыр айының соңынан бүгінге дейін тәулігіне 300-400 қоңырауға дейін артып келе жатқанын айтады. Медициналық көмекке жүгінгендер арасында ересектермен қатар балалар да көбейген. Бүгінде облыс бойынша 90-нан астам жедел-жәрдем көлігі шақыртуларға шығады. Ал аймақта шілде кірмей-ақ ауа температурасы 40 градусқа жетті. Тұрғындардың басым бөлігі су жағалап, салқындауға көшкен, деп жазады qazaqstan.tv. Шаһар шетіндегі өзендер мен тоғандарда адам қарасы қалың. Дегенмен дәрігерлер күн көзінен қорғануға шақырады.
"Күн салқын кездерде 1400-1500-ге дейін болса, қазір 1700-1800-ге дейін шақыртулар көбейіп жатыр. Жүрек қан-тамырлары жүйесінің аурулары бар, қан қысымының көтерілуі, жедел-ішек инфекциясына қатысты шақыртулар көбейіп жатыр."Әлихан Мирсейітов, Жамбыл облыстық жедел жәрдем станциясының аға дәрігері
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар