дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 4:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда субұрқақтар жаппай істен шыққан

Таразда субұрқақтар жаппай істен шыққан
ашық дереккөзі
Таразда субұрқақтар жаппай істен шыққан
Таразда аптап ыстық басталса да субұрқақтар әлі күнге қосылмаған. Талап бойынша облыс орталығындағы 30-дан аса фонтан сәуір айынан бері қалаға көрік беріп тұруы тиіс еді. Алайда субұрқақтардың сорғысы істен шығып, тоқ сымдары тозып кеткен. Құбырлары жарылып, көптен бері жөндеу көрмегендері де бар. Саябақтардағы субұрқақтар да көңіл көншітпейді. Қала билігі бұл бір аптада шешілетін уақытша қиындық деп отыр. Әкімдікке қарасты серіктестік субұрқақтардың сорғылары күйіп кеткенін растады. Олар бір ай бұрын мердігерлерге 17 млн теңгеге тапсырыс берген. Бірақ кәсіпкерлер талапқа сай емес жабдықтар жеткізгендіктен құрылғыларын қабылдамай қойғандарын айтып ақталды. Дереккөз: https://qazaqstan.tv/index.php/news/177953/
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар