дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 2:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында шартты табиғи өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Жамбыл облысында шартты табиғи өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында шартты табиғи өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді
Өрт сөндіру бөлімшелерін тұрақты түрде дайындықта ұстау және төтенше жағдайды жедел жою қызметтің ажырамас бөлігі болып табылады. Бүгін 22 маусымда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға күштер мен құралдардың өзара әрекетін жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын өрт қауіпті кезеңге дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы мен Қырғыз Республикасы, Талас облысының трансшекаралық аумағындағы қызыл Қайнар ауылының маңында шартты табиғи өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығуға Жамбыл ауданы ТЖ департаменті, азаматтық қорғау қызметі, Жамбыл облысы әкімдігінің Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Жамбыл мемлекеттік мекемесінің күштері мен құралдары; Жамбыл ауданы Қызыл қайнар және Гродеково ауылдық округтерінің ерікті өртке қарсы құралымдары мен ҚР Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімі, "Қазавиақұтқару" АҚ тартылды. Табиғи өртті сөндіруге жұмылдырылған барлық күштер мен құралдар диспетчерге сигнал беруден бастап Жедел штаб құруға және ірі орманды дала өртін сөндіруге дейінгі күштермен және құралдармен маневр жасаудың барлық циклін жүзеге асырды. Мұнан басқа Жамбыл облысы аумағында орман және дала өрттерімен байланысты төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес ірі табиғи өрттерді жою кезінде Жамбыл облысы ТЖ департаменті мен азаматтық қорғау қызметтері бөлімшелерінің өзара тәжірибелік іс-қимылы жан-жақты пысықталды. Жалпы, оқу-жаттығу барысында мынадай іс-қимылдар атқарылды:
  • Табиғи өрттерді сөндіруді ұйымдастыру тактикасы. Өрт сөндірубөлімшелерінің іс-қимылдарын басқару бойынша басшы құрамның дағдыларын, сондай-ақ өртте жедел штаб жұмысының және арнайы қызметтердің өзара іс-қимылдары; жеке құрамның, штаттағы қызметкерлер мен техниканың өрт орнына құлақтандыру схемасы және жедел келу тәртібі;
2) өзара ақпарат алмасу, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою бойынша өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес күштер мен құралдарды тарту мәселелері бойынша өзара әректтестік шаралары; 3) ауылдық округтердің ерікті өртке қарсы құрылымдарын хабарландыру, өрт орнына жинау және келу тәртібін пысықтау, олардың өрт сөндіру амалдары жөніндегі іс-қимылдарын ұйымдастыру; 5) Өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес далалық жағдайда жедел штабпен, жергілікті және орталық басқару органдарымен, сондай-ақ өзге де қызметтермен байланысты ұйымдастыру. Облыс аумағындағы барлық 15 орман шаруашылығында шартты табиғи өртті сөндіру бойынша өрт техникалық жаттығу өткізілді, онда ауылдық округтердің ЕӨҚҚ, орман өрт командаларының жеке құрамын жинаужәне хабарландыру жүйесі және табиғи өртті сөндіруге дайындығы тексерілді. «2021 жылдың өрт қауіпті кезеңінде облыс аумағындағы орман және дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» мәселе ағымдағы жылдың 24сәуірінде облыстық ТЖ алдын алу және жою комиссиясының отырысында қаралды. 2021 жылы мемлекеттік орман қоры мен дала алқаптарының аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен алдын алу және ескерту іс-шараларының жоспары облыс әкімдігімен бекітілді. Облыс әкімдігінің «Облыс аумағында табиғи өрттердің алдын алу жөніндегі шаралары туралы» 2023 жылғы №11қаулысы қабылданды. Орман және дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша қабылданып жатқан шаралары туралы халыққа жеткізу, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі қағидалары туралы ақпаратты жариялау және барлық өзара іс-қимыл жасайтын ұйымдардың тәжірибелік іс-әрекетін халықтың назарына жеткізу  үшін іс-шараға жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысқанын атап өткен жөн.    

Жамбыл облысы ТЖД

                      Төтенше жағдайларды  жою басқармасы

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар