бейсенбі, 22 мамыр, 2025 0:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздық тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетілді

Тараздық тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетілді
Jambylinfo.kz
Аталған іс-шара Репродуктивті денсаулық апталығы мен Аналар күніне орай ұйымдастырылды

Бүгін «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығында «Қамқор қоғам» атты ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Бұл шара қоғамдағы ана мен бала денсаулығына назар аудару, әлеуметтік әлжуаз топтарға көмек көрсету, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және азаматтардың құқықтық, психологиялық, медициналық сауатын арттыру мақсатында өткізілді.

Жиынға қала тұрғындары, аналар мен бойжеткендер, әлеуметтік қызметкерлер, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау саласының мамандары,ғалымдар, психологтар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Басқосудың ресми ашылуында Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Ермек Қорабаев және Жамбыл облыстық «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали сөз сөйлеп, қатысушыларға ізгі тілектерін білдірді. Олар өз сөзінде қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайтудың, әлеуметтік әріптестікті дамытудың және азаматтарға көрсетілетін жан-жақты қолдаудың маңыздылығын айтты.

Іс-шара барысында психологтар, заңгерлер, гинеколог мамандар мен «Отбасы банкі» қызметкерлері азаматтарға тегін кеңес беріп, өз салалары бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті.

Аталған шара барысында «Басты байлық – денсаулық»тақырыбында өткен психологиялық қолдау алаңын ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Жамбыл облыстық филиалының аға оқытушысы Тәтті Орынтай жүргізді.

Белгілі акушер-гинеколог, медицина саласының үздігі, «Бүгінгі бойжеткен – ертеңгі асыл жар, аяулы ана» кітабының авторы Ақерке Тоқбергенова қыз-келіншектерге репродуктивті денсаулық туралы пайдалы ақпарат ұсынып, ашық сұхбат өткізді.

Әлеуметтік көмек алаңында азаматтарға жұмыспен қамту,тұрғын үй бағдарламалары мен мемлекеттік жеңілдіктер туралы кеңестер берілді. Тараз қаласы бойынша Мансап орталығының бөлім басшысы Ерлан Байузаков және «Отбасы банкі» АҚ кеңесшісі Аяна Койбакишева өз салалары бойынша нақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, іс-шара барысында Аналар күніне орай ұйымдастырылған «Анамның қолы» атты фотожоба аясында ұйымдастырылған шығармашылық байқау қорытындыланып, үздіктерге алғыс хаттар табысталды. Шығармашылық байқауға орталықтың үйірме қатысушыларынан барлығы 50-ге жуық фото келіп түсті. Соның ішінен 7 қатысушының жұмысы үздік деп танылып, көрмеге қойылды. Сонымен қатар, қатысушылар аналарымен бірге марапатталды.

 

Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар