жексенбі, 25 мамыр, 2025 4:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақмола облысында ауыл әкімі салғырттығы үшін сотталды

Ақмола облысында ауыл әкімі салғырттығы үшін сотталды
iStock
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысында Сергеев ауылдық округінің әкімі салғырттығынан бөгет бұзылып, бірнеше тұрғын үйді су басқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz aqmolaoblsud сілтеме жасап.

Атбасар аудандық сотында қызметіне немқұрайлы қарауы салдарынан абайсызда ауыр зардапқа әкеп соққан Сергеев ауылдық округінің әкімі К.-ға қатысты міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты (Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігі. Салғырттық) қылмыстық іс қаралды.

Сотта Сергеев ауылдық округінің әкімі абайсызда міндеттер мен нұсқауларды тиісінше орындамауының салдарынан бөгеттің жарылуына жол бергені, нәтижесінде Самарка ауылының 19 тұрғын үйі мен аумақты су басқаны анықталды.

Су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге жергілікті бюджеттен 8 млн теңге төленді. Осылайша, мемлекетке ірі мөлшерде залал келтірілді.

"Самарка ауылындағы ГТҚ -ның (дамбаның - ред. ескертпесі) жай-күйіне жауапты тұлға бола тұра, К. Есіл бассейндік инспекциясы мен ТЖ алдын алу және жою жөніндегі Комиссияның су өткізу үшін гидротехникалық құрылысты транзиттік режимге ауыстыру туралы тапсырмаларына қарамастан, бөгеттегі судың өткізу қабілетін арттыру бойынша шара қабылдамаған.

Су деңгейінің жоғарылауы және оның қысымынан ағын пайда болып, үйлер мен ауыл аумағын су басты.

Жаза тағайындауда сот К.-да балаларының болуын жеңілдететін жағдай деп және абайсызда алғаш рет қылмыс жасауын ескерілді.

Сот үкімімен К.-ға мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығын айыра отырып, пробациялық бақылау белгіленумен 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу тағайындалды", - делінген сот хабарламасында.

Азаматтық талап қоюды қанағаттандыру мәселесі азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға берілді.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар