бейсенбі, 29 мамыр, 2025 7:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ислам Сәтпаев Қазақстан чемпионы атанды

Ислам Сәтпаев Қазақстан чемпионы атанды
kazsports.kz
Чемпионатқа 8 өңірден 170-ке тарта мерген қатысып жатыр.

Бүгін Алматы облысында нысана көздеуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мергендер бәсекесінің шымылдығын әдеттегідей пневматикалық винтовка шеберлері ашты. Ерлер арасында 10 метрден оқ атуда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері (микст) Ислам Сәтпаев ешкімге дес бермеді. Ол финалда 251.8 ұпай жинады. Күміс жүлде Константин Малиновскийдің (248.), қола Дмитрий Кимнің (226.6 балл) еншісінде. Осылайша, бүгінгі барлық медаль Алматы қаласы спортшыларында қалды.

Енді ертең әйелдер осы жаттығуда кім мықтыны анықтайды.

Осы жарыс нәтижесінде тамызда Шымкент қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысатын Ұлттық құрама жасақталады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар