жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тасмағамбетов ҰҚШҰ-дағы қызметінен кететін болды

Тасмағамбетов ҰҚШҰ-дағы қызметінен кететін болды
Фото: odkb-csto.org
27 қарашада Бішкекте ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары бас қосып, 2026–2029 жылдарға арналған жаңа бас хатшыны бекітеді.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың өкілеттік мерзімі аяқталуға жақын, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

27 қарашада Бішкекте ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары бас қосып, 2026–2029 жылдарға арналған жаңа бас хатшыны бекітеді.

Саммит барысында ұйымға мүше елдер қауіпсіздікке қатысты ортақ шешімдерін жариялап, 2026 жылы ұйымға Ресейдің төрағалық ету тәртібі де талқыланады.

Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов бұл қызметті 2023 жылдың қаңтар айынан бері атқарып келеді. Саммит қорытындысына сәйкес, оның өкілеттігі жаңа кандидатқа берілмек.

Бұл — ұйым ішіндегі кезекті жоспарлы ротация.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар