жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Михаил Шайдоров Гран-при сайысының финалына шықты

Михаил Шайдоров Гран-при сайысының финалына шықты
olympic.kz
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Гран-при финалына өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Хельсинкиде (Финляндия) ерлер арасындағы Гран-при сайысының соңғы кезеңі аяқталды. Жапониялық Юма Кагияма жарыста жеңімпаз атанды.

Алты кезеңнің қорытындысы бойынша Гран-при финалына қатысатын алты мәнерлеп сырғанаушы анықталды. Михаил Шайдоров жалпы есепте 24 ұпай жинады. Осы нәтижемен ол бесінші орынға тұрақтап, шешуші кезеңге жолдама алды.

Төменде финалға шыққан мәнерлеп сырғанаушылардың есімдері көрсетілген:

1. Никита Малинин (АҚШ) - 30 ұпай;

2. Юма Кагияма (Жапония) - 30 ұпай;

3. Шун Сато (Жапония) - 28 ұпай;

4. Адам Сяо Хим Фа (Франция) - 26 ұпай;

5. Михаил Шайдоров (Қазақстан) - 24 ұпай;

6. Дэниэль Грассль (Италия) - 20 ұпай.

Айта кетейік, Гран-при финалы 4-7 желтоқсан аралығында Нагояда (Жапония) өтеді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар