Тоқаев қызмет барысында қаза тапқан полицейді «Айбын» орденімен марапаттады
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 қаңтар, 2025
- 83
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында қаза тапқан полиция қызметкерін марапаттады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2024 жылдың 20 желтоқсанында жол-көлік оқиғасын рәсімдеу кезінде Байжомартов қайғылы жағдайға ұшырады. Басқарудан айырылған автокөлік оны қызметтік көлігіне қысып кетіп, офицер оқиға орнында жан тапсырды.
Қаза тапқан полицейдің әкесіне марапатты Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков табыстады. Ол Шалқар Байжомартовтың ерлігі мен жанқиярлығы туралы айта отырып, оның ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы үлкен үлесін ерекше атап өтті.
"Ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмысқа қарсы күрес пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде үнемі алдыңғы қатарда жүреді. Шалқар Байжомартов өз өмірін қиып, қызметтік борышы мен Отан алдындағы адалдығын көрсетті. Оның есімі әрдайым өз міндетіне адал, үлгілі офицер ретінде сақталады. Бұл ерлік – полиция қызметкерлерінің қауіпті және жауапты жұмысының маңыздылығын еске салатын айқын мысал деді" Айдар Сайтбеков.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа мәдениет және ақпарат вице-министрі тағайындалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 қаңтар, 2025