Түркістан облысында оңалту орталығының басшысы мен бас есепшісі сотталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 қаңтар, 2025
- 73
Түркістан облысының Мақтаарал ауданында оңалту орталығының басшысы мен бас есепшісі сотталды. Олар мүгедек балалардың денсаулығын жақсарту үшін бөлінген 85 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz https://qazaqstan.tv/ сілтеме жасап.
Облыстық экономикалық тергеп-тексеру Департаментінің мәліметінше, сотталғандар бұл қылмыстарын 2018-2024 жылдар аралығында жүйелі түрде жасап келген. Ал осы жылдар аралығында мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерге арналған оңалту бағдарламаларына қаржы тапшы болған еді. Сот барысында орталық басшысының құны 35 млн теңге тұратын пәтері тәркіленді.
Гүлзия Қарсыбай, Түркістан облыстық тергеп-тексеру Департаментінің аға жедел уәкілі:
Қазіргі таңда сот үкімімен аталған оңалту орталығының басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды және аталған орталықтың бухгалтері 7 жылға қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеуге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа мәдениет және ақпарат вице-министрі тағайындалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 қаңтар, 2025