Желтоқсан айы Қазақстанда әдеттегіден әлдеқайда жылы болған
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 қаңтар, 2025
- 86
Мәселен, 19 желтоқсанда Петропавлда ауа температурасы +1,3 градусқа жетіп, 1978 жылғы рекордты (+0,8 градус) жаңартты. Ал Астанада айдың орташа температурасы -8,8 градус болып, бұл көрсеткіш қалыптыдан 3,2 градусқа жоғары болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Еліміздің кей аймақтарында жауын-шашын көлемі әдеттегіден көп болды. Мысалы, 15 желтоқсанда Түркістан облысындағы Шуылдақ станциясында 22 мм қар жауып, бұл айлық норманың (77 мм) үштен біріне тең болды. Ал 29 желтоқсанда Маңғыстау облысының Форт-Шевченко станциясында 17 мм жаңбыр жауып, ол айлық нормадан 7 мм артық болды.
Желтоқсанның 13-14 күндері Жетісу облысының Жалаңашкөл станциясында желдің жылдамдығы 40 м/с-қа дейін жетсе, 16 желтоқсанда Достықта ол 36 м/с болды. Сонымен қатар, 4-8 желтоқсан аралығында Ақтөбе облысының Родниковка станциясында мұз қабаты мен аяз шөгінділерінің қалыңдығы 66 мм-ге дейін жеткен.
Синоптиктер осындай ерекше жағдайларды тіркеп, желтоқсан айын аномалды құбылыстарға толы ай ретінде атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа мәдениет және ақпарат вице-министрі тағайындалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 қаңтар, 2025