ҚТЖ жанармай ұрлығын әшкереледі: Темір жолға 36 млн теңге шығын келтірілген
- авторjambylinfo.kz
- 12 ақпан, 2025
- 442

2023 жылы ҚТЖ-ның ревизорлық қызметі жүргізген ішкі тексеріс кезінде Жамбыл жол дистанциясында өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамға байланысты шығын анықталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҚТЖ бұл материалдарды Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне (ЭТД) жолдады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, ҚТЖ жәбірленуші тарап ретінде танылды. Тергеу барысында ҚТЖ-ға келтірілген нақты шығын 36 миллион теңгені құрағаны анықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық істің сотқа жолдануы күтілуде.
«ҚТЖ-да кез келген заң бұзушылыққа нөлдік төзімділік саясаты қолданылады және оларды болдырмау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде», – деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз