Украина тарапынан болған дрон шабуылдарынан кейін КҚК халықаралық сотқа шағым түсіру процесін бастады
- авторБақытжан Бекболат
- 19 маусым, 2025
- 151

Бұл туралы КҚК бас директоры Николай Горбань мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz РИА "Новости" сілтеме жасап.
"Бізде халықаралық деңгейде тікелей сотқа жүгінуге мүмкіндік беретін мәртебе жоқ. Бірақ сол үшін арнайы рәсім бар, соны іске қостық", – деді ол.
Николай Горбань сот ісінің қашан қаралатыны белгісіз екенін айтты, себебі КҚК мұндай жағдайға бұрын тап болмаған.
Сондай-ақ оның айтуынша, Украина Қазақстан тарапынан "Кропоткин нысанына" жасалған шабуылға қатысты жолданған ресми сауалға әлі күнге дейін жауап бермеген.
"Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің жауабын өздеріңіз де естідіңіздер: украин тарапынан еш жауап болмады. Ондай жағдайда қандай кепілдік жайлы айтуға болады? Директорлар кеңесінің отырыстарында барлық акционерлер мұндай террорлық шабуылдардың азаматтық нысандарға бағытталуын қатаң сынға алды. Айта кетейін, дрондардың оқ-дәрілері зақымдаушы элементтермен толтырылған – олар тек нысанды емес, біздің қызметкерлерді де өлтіруді көздеген болуы мүмкін. Абырой болғанда, біздің тарап дұрыс әрекет етіп, адам шығынын болдырмады", – дейді Горбань, ТАСС таратқан мәлімет бойынша.
Оның сөзінше, украин дрондарының шабуылы КҚК-ға 2,7 миллиард рубль көлемінде шығын келтірген.
Қазақстан мектептеріне жаңа цифрлық құрал енгізілуде
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында әйелінің машинасын өртеген ер адам ұсталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 маусым, 2025
Республикалық Жазғы волонтерлер мектебінің жұмысы аяқталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 маусым, 2025