сейсенбі, 24 маусым, 2025 3:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан мектептеріне жаңа цифрлық құрал енгізілуде

Қазақстан мектептеріне жаңа цифрлық құрал енгізілуде
Оқу-ағарту министрлігі
Бұл бастама оқушыларды кәсіптік бағдарлауға арналған

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп оқушыларға кәсіптік бағдар берудің «Оқушының қызығушылықтары мен дағдыларының икемді бейіні» (ОҚДИБ) цифрлық әдістемесін әзірледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, аталған бастама болашақ кәсіпті ерте жастан саналы таңдауды қалыптастыруға бағытталған және 7-9 сынып оқушыларына арналған. Бұл әдістеме оқушыларға қызығушылықтарын айқындауға, қабілеттерін анықтауға және одан әрі даму үшін оңтайлы бағыттарды таңдауға көмектеседі.

Әзірлеме қазақстандық мазмұнға бейімделген және еліміз бойынша 10 мыңнан астам оқушы қатысқан сынақтан өткен.

«Бұл құрал университеттердің 400-ден астам бағдарламасы, колледждердің 200-ге жуық мамандығы мен жұмысшы кәсіптерін біріктіретін Мансап компасы цифрлық платформасына енгізілген. Платформа оқушылардың, педагогтердің және ата-аналардың жеке кабинеттеріне қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, бір цифрлық кеңістікте жүйелі кәсіптік бағдарлауды қамтамасыз етеді. Тест нәтижелері автоматты түрде өңделеді: оқушылар – жеке ақыл-кеңестер, педагогтер – заманауи сүйемелдеу құралдарын, ал ата-аналар – баланың даму сараптамасы мен динамикасы туралы ақпарат алады», – деп атап өтті Алтынсарин академиясының президенті Нәзипа Аюбаева.

Жоба жалпы білім беретін мектептерге заманауи, тұрақты және болашаққа бағдарланған кәсіптік бағдарлау жүйесін құруға жағдай жасап, әрбір балаға болашақ кәсіби жолын саналы таңдауға мүмкіндік берді.
 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар