сейсенбі, 24 маусым, 2025 4:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында сапасыз салынған канал учаскесі бұзылып, қайта жасалды

Жамбыл облысында сапасыз салынған канал учаскесі бұзылып, қайта жасалды
Pixabay.com
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді

Жамбыл облысында бетонды дұрыс құймаған мердігер компания каналдың бір бөлігін бұзып, қайта жасауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шу ауданындағы Оң жағалық магистральді каналдың қайта жаңғыртылу барысын вице-министр Ерболат Ибрайханов барып тексерді. Тексеру кезінде «Огородный 1» каналына сапасыз бетон құйылғаны анықталды. Бас мердігерге ескерту жасалып, ақауы бар бөлікті бұзу тапсырылды. Компания талапты орындап, бетонды қайта құйды.

«Мердігерге алдағы уақытта мұндай кемшіліктерге жол бермеу туралы нұсқау берілді. Жұмыс бекітілген жобаға сәйкес және қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес қатаң түрде жүргізілуі керек. Жамбыл облысындағы «Қазсушар» филиалы мен техникалық қадағалауды жүзеге асыратын компанияға күнделікті бақылау жүргізіп, Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру-2 жобасының өзге де нысандарында мұндай қателіктерге жол бермеу тапсырылды. Егер мұндай жағдайлар қайталанатын болса, айыппұлдар салынып, келісімшарттар бұзылады», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Қазіргі уақытта Су шаруашылығы нысандарын дамыту департаментінің мамандары мен «Қазсушардың» Жамбыл филиалының өкілдері Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру-2 жобасы аясындағы барлық каналды тексеріп жатыр. Нәтижесінде тексеру актісі жасалып, тиісті шешімдер қабылданады.

 

Бекмолда Арнат 

3 курс студенті

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар