жексенбі, 25 мамыр, 2025 3:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ватиканда жаңа Рим Папасын сайлау басталды

Ватиканда жаңа Рим Папасын сайлау басталды
Reuters
Салт-дәстүрге сәйкес, кардиналдар Ватикандағы Сикстин капелласында конклав мәжілісіне жиналады.

Дауыс беру құқығына ие 71 елден 133 кардинал қатысады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Папа болу үшін үміткер кардиналдардың кемінде үштен екісінің дауысын алуы керек.

Үміткерлердің қажетті дауысты жинауы бірнеше күнге созылуы мүмкін.

«Фавориттер ретінде италиялық кардинал Пьетро Паролин мен филиппиндік кардинал Луис Антонио Тагле қарастырылуда», — деп жазады Reuters агенттігі.

Ақ түтіннің көтерілуі мен қоңыраулардың соғылуы 1,4 миллиард діндар мүшесі бар шіркеудің жаңа басшысы сайланғанын білдіреді. Жаңа понтификті таңдау католиктердің болашағы үшін маңызды бағытты айқындайды: шіркеу қазіргі Папа Францисктің бастаған либералды реформалар жолымен кете ме, әлде дәстүрлі консервативтік бағытқа қайта орала ма — осы сауал алда анықталмақ.

Папа Франциск бұл қызметті 12 жыл атқарды және өзінен кейінгі мұрагерді сайлайтын кардиналдардың шамамен 80 пайызын өзі тағайындаған.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар