Жаңалықтар
«Қырым Ресейдің бөлігі»: Илон Масктың мәлімдемесінен кейін Tesla акциялары құлдырады
- авторjambylinfo.kz
- 4 қазан, 2022
- 178
«Қырым Ресейдің бөлігі»: Илон Масктың мәлімдемесінен кейін Tesla акциялары құлдырады
Американдық миллиардер, Tesla және SpaceX-тің иесі Илон Маск Ресей құрамына енген ДХР, ЛХР, Херсон және Запорожье облыстарында референдумдарды қайталауды ұсынды. Саяси науқан Біріккен ұлттар ұйымы бақылауымен жүргізілуі тиіс деді. Бұл туралы ол Twitter-де жазды.
Ал Қырымның Ресей Федерациясының бөлігі ретіндегі мәртебесіне қарсы шықпауды ұсынды. Бұл түбектің 1783 жылдан бастап "Хрущевтің қателігіне дейін" Ресейдің құрамына кіргенін еске салды.
Сонымен қатар, Масктың пікірінше, Украина бейтарап ел болып қалуы керек.
Мәлімдемеден кейін дүйсенбіде Нью-Йорктегі сауда-саттықта американдық электромобиль өндірушісі Tesla акциялары 8,4% - ға төмендеді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024