Жаңалықтар
«ЕЛ БОЛАМ ДЕСЕҢ, БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ!» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
- авторjambylinfo.kz
- 22 қыркүйек, 2022
- 306
«ЕЛ БОЛАМ ДЕСЕҢ, БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ!» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Анаға тағзым» орталығының психолог маманы Марал Хантөреқызы отбасылық құндылықтарды дәріптеп, жастарға өнегелі тәрбие беру мақсатында "Ел болам десең, бесігіңді түзе" тақырыбында жастармен кездесу ұйымдастырды. Қыз бала тәрбиесі, отбасылық мәселелердің алдын алу турасында сүбелі сұхбат болып, психологиялық кеңестер берілді.
Кездесу барысында «Асыл Арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау" ҚБ түсірген "Қыз бала тәрбиесі" туралы терең мағыналы ролик көрсетіліп, арнайы қонақ ретінде шақырылған М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы, «Педагогика және психология» магистрі Айнұр Берденова жастарға күйзелістен арылудың жолын түсіндірді.
Жиын соңын психологтар тренингпен қорытындылады. Кездесуден ерекше әсер алған студенттер мен қатысушылар осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса деген ұсыныстарын айтып, тілектерін жеткізді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024