ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ
«Анаға тағзым» орталығында әйелдер үшін құқықтық кеңес беру алаңы ашық болды. Онда кез келген қыз-келіншек барып, тегін тікелей заңгерлерден түрлі сауалдарына жауап алуға мүмкіндік алды.
Қазақстан Республикасының Әділет органдарының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шара халықтың пайдасына жарауда. Өйткені, бүгінгі акцияның өзінде сот атқару істері бойынша, адвокат, нотариус, жерді тіркеу, заң кеңесшілері көмегіне 20-ға жуық адам жүгінді. Қойылған сұрақтардың 75-80 пайызы өз шешімін тапты.
Осы уақытқа дейін 250-ден астам адам қатысып, соның 220-ға жуығы көкейіндегі сауалдарына толық жауап алды. Айта кетсек, акция аясында тек кездесулер арқылы ғана емес, электронды түрде де кеңес алуға болады - дейді заң өкілдері.
«Әділет кеңес береді» акциясы жылда ұйымдастырылып келеді. Нәтижесі де көңіл қуантарлық. Шара аяқталысымен акцияға келген тұрғындар өздерінің алғыстарын жаудырды және толғандырған сұрақтар бойынша алған жауаптарға қанағаттанарлық баға беретіндерін жасырмады.
ЖО Әділет департаменті басшысының орынбасары Шыңғыс Айнақұловтың айтуынша, көбінесе кездесетін сұрақтардың бірі —алимент мәселесі. Одан кейін, іскер әйелдердің сұрақтары. Бүгінгі таңда көптеген әйелдер өз бизнестерін дамытқысы немесе жаңадан ашқысы келеді екен.
Бұл жолы қатыса алмай қалған жандарға қынжылудың қажеті жоқ, мамандар көмегіне алдағы уақытта да жүгінуге болатынын естеріңізге саламыз.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024