дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қыз зорлады» деп айыпталып жатқан Жанқош Тұраров әйелімен ажырасып кеткен бе?

«Қыз зорлады» деп айыпталып жатқан  Жанқош Тұраров әйелімен ажырасып кеткен бе?
Сурет: Әлеуметтік желіден
Бұл сұраққа боксшының әйелі жауап берді

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса желідегі парақшасында оқырмандарының сауалына жауап берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Әлеуметтік желі қолданушылары спортшының зайыбынан отбасылық өмірі жайлы көп сұраған. Олардың бірі - ерлі-зайыптылардың қалай танысқанын сұраса, енді бірі – «Әлі ажырасып кетпедіңіздер ме?» деп сұраған.

«Біз Жанқош екеуіміз инстаграм желісі арқылы таныстық. 1,5 тек телефонмен сөйлесіп жүрдік. Кейін ғана кездестік.  Қонақ үйге шақырған жоқ. Дәрі берген жоқ. Алғашқы кездесуіміз 1,5 жылдан кейін ғана мейрамханада болды. 4 жыл таныстықтан соң (оның ішінде 2,5 жыл қыз жігіт болып жүрдік) Содан кейін ғана үйленуге ұсыныс жасады. Ал ажырасуға келетін болсақ, ешкімнің алдында ақталуға міндетті емеспіз. Адамдар нені көргісі келсе, соны көреді», -деп жауап берген ол.

  

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар