жексенбі, 29 желтоқсан, 2024 7:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қызыл аймақ» көбейіп тұр

«Қызыл аймақ» көбейіп тұр
ашық дереккөзі
«Қызыл аймақ» көбейіп тұр
Еліміздегі эпидемиялық ахуал қайтадан нашарлап, Қазақстан «қызыл аймаққа» өтті. 26 маусымнан бастап «қызарған» өңірлер қатары бесеу болды.
Бүгінде Нұр-Сұлтан қала­сымен қатар Алматы қаласы және Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары «қызыл аймақ» қатарында тұр. Ал «сары аймақта» Шымкент қаласы және Қостанай, Маң­ғыстау облыстары бар. Қалған өңірлер – «жасыл аймақта». Өткен аптада корона­ви­рус­тың жаңа штамы – «үнді» штамының анықталуына байланысты елордада карантин талаптарын қатайту туралы шешімдер қабылданған. Он­сыз да қанша уақыттан бері «қызылдың» құрсауында тұр­ған Нұр-Сұлтан қаласына сақ­тық шараларын күшейтпесе болмайды. Ал жақында ғана «қызыл аймаққа» қосылған төрт өңірде де шектеу талаптары қайта қарастырылып, сол аймақтардағы Бас мемлекет­тік санитарлық дәрігерлердің қаулысына өзгерістер енгізілді. Жалпы карантин талап­тарын қанша жерден күшейт­кенмен, індетке тойтарыс беру­дің басты «қаруы» вакциналау екені түсінікті. Дегенмен қа­зіргі шырғалаң шақтағы осы маңызды іс-шараның ілге­рілеуі ойдағыдай болмай тұр. Сондықтан өңірлерде вак­циналаудың қарқынын арт­тыруға барынша күш салы­нып жатыр. Бұл ретте, әл­бетте, халықтың вакцинаны ерік­ті түрде қабылдау құқы сақ­талады. Тек көпшілік вакциналауды өзінің ғана емес, айналасындағылардың да аман­дығы үшін қажет екенін әрі қа­лыпты тіршілікке оралудың жо­лы екенін түсіну керек. 27 маусымдағы мәлімет бойынша елімізде бірінші компонент­пен 3 130 095 адам, екінші ком­по­нентпен 1 891 022 адам вакци­на салдырды. Қазақстан вакциналау­ көлемі бойынша әлемде 42-­орынды алды. Our World in data онлайн-басылымы жаса­ған рейтингте Қазақстанда әр­бір оныншы азамат вакцина алғаны көрсетілген. Жалпы мұнда біздің елде 1,79 млн адам вакциналанып, бұл халықтың 9,4%-ды құрайтыны айтылған. Ал аталған рейтингте көш бастаған Қытайда 223 млн адам вакцина салдырған, бірақ бұл халықтың тек 15%-ы ғана екен.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар