бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 10:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаңаөзендік жұмысшылар санкцияланбаған митинг өткізгені үшін полицияға жеткізілді

Жаңаөзендік жұмысшылар санкцияланбаған митинг өткізгені үшін полицияға жеткізілді
ашық дереккөзі
Жаңаөзендік жұмысшылар санкцияланбаған митинг өткізгені үшін полицияға жеткізілді
  Кешеден бері астанада мұнай саласы бойынша қызмет көрсету компаниясының бір топ жұмысшысы санкцияланбаған митинг ұйымдастырды, деп хабарлайды Жамбылинфо Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ел заңнамасы бойынша, бұқаралық іс-шаралар жергілікті атқарушы органдарды хабардар ете отырып, тұрғындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандардың қалыпты жұмысына кедергі келтірмейтіндей, арнайы рұқсат етілген жерде ұйымдастырылуы керек. Митингке қатысушылардың жергілікті атқарушы органдарға митинг өткізу туралы өтініш жолдамай, жергілікті мәслихат шешімінің тізімінде жоқ жерде санкцияланбаған шара ұйымдастырып, «Бейбіт жиындар туралы» Заңын бұзуына байланысты полицияға акцияның бірқатар ұйымдастырушысы мен белсенді қатысушылары жеткізілді. Заң бұзғандар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 488 және 667 баптары бойынша жауапқа тартылады. Аталмыш баптардың талаптарына сәйкес кінәлі адамдарға ескерту жасалады немесе 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Заңбұзушылардың әрекетіне қолданыстағы заңнама талаптары бойынша баға беріледі. Полиция ҚР бекітілген қоғамдық тәртіпті бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру, пикет сияқты өзге де бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Еске салсақ, кеше Энергетика министрлігі ғимаратының алдына 70-ке жуық жаңаөзендік («Бералы Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлері) жиналды.Бүгін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында ведомство ғимаратының маңайында түнеп шыққан жаңаөзендік жұмысшылардың талаптары бойынша ресми шешім әзірленіп жатқанын айтты. Бұл мәселеге байланысты пікір білдірген вице-премьер Алтай Көлгінов заң аясында әрекет ету қажеттігін, «тендерден ұтылған компанияның қайтадан ұтып шыққанын талап ету» дұрыс еместігін айтты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар