Жаңалықтар
Жаңатаста 20 мың тұрғынды жылусыз қалдырғандар жазасыз қалмайды
- авторjambylinfo.kz
- 16 ақпан, 2021
- 321
Жаңатаста 20 мың тұрғынды жылусыз қалдырғандар жазасыз қалмайды
Жаңатас қаласында 20 мыңнан астам адамды жылусыз қалдырған орталық қазандықтағы апатқа кінәлілер тиісті жазасыз қалмайды. Бұл туралы арнайы жиын барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.
9 ақпан күні 20 мыңнан астам адам тұратын Сарысу ауданының әкімшілік орталығы – Жаңатас қаласында орталық қазандық істен шыққан болатын. Апат салдарынан тұрғындар жылусыз және ыстық сусыз қалды. Нақтырақ айтқанда, барлығы 92 көпқабатты үй және 40-тан астам бюджеттік мекеме жылудан ажыраған. Тек 11 ақпанда ғана жылумен қамту қайта қалпына келтірілген. Жаңатас қаласының қазандығындағы төтенше жағдай Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде өткен кеңесте жан-жақты талқыланды. Мамандардың айтуынша, техникалық ақау сапасыз отынды пайдалану салдарынан орын алған, сол себепті мазут шаруашылығы жүйесін толығымен тазартуға тура келді.
«Үш күн бойы адамдар суық пәтерлерде және қызметтік кабинеттерде жұмыс жасауға мәжбүр болды. Бұл, ең алдымен, аудан басшылығының өзінің қызметтік міндеттеріне жауапсыз қарауынан орын алды. Аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов қазандықта бір жарым айға жететін қажетті отын қоры бар екеніне сендірдген еді. Нәтижесінде отын қоры жоқ екені белгілі болды. Сонымен қатар, мердігер жеткізген мазут та пайдалануға жарамсыз болып шықты. Бұл орайда түрлі сұрақтардың туындауы заңды. Неліктен әкімдік күмәнді мердігермен жеткізу шартын жасасқан? Сапасыз отынды жеткізуге қатысты неге дер кезінде тиісті шара қолға алынбаған? Бұл мәселені құзырлы органдар қарауы керек. Кінәлілерге қатысты қатаң шаралар қабылдайтын боламыз», - деді аймақ басшысы.
Бердібек Сапарбаев қадағалау органдары қызметкерлерінің қатысуымен жедел комиссия құруды тапсырды. Бұл комиссия нақты кінәлілерді анықтап, оларды жазалау бойынша ұсыныстар енгізуі керек. Кеңесте мазут жабдығынан бас тарту және Жаңатас қазандығына газтурбиналық қондырғы орнату туралы ұсыныс айтылды. Осылайша ескірген жабдықтан құтылу және отын шығындарын азайту секілді екі мәселені бірден шешу мүмкіндігіне назар адуарылды. Бірақ бұл үшін алдымен сенімді инвестор табу қажет.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қордайда оң өзгерістер байқалады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024