сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 23:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қордайда оң өзгерістер байқалады

Қордайда оң өзгерістер байқалады
ашық дереккөзі
Қордайда оң өзгерістер байқалады
  Қордайдағы былтырғы оқиғаға ақпан айында бір жыл десек, осы уақыт аралығында ауданда көптеген оң өзгерістер орын алған. Бұл туралы аудан әкімінің есеп беру кездесуінде айтылды. Есептік жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы қатысты. Аудан әкімі Рүстем Дәулеттің есеп беру кездесуіне келген Қордай ауданының тұрғындары ел Президентіне өз өңірлерінде орнаған бейбітшілік пен жалпы абаттандыру жұмыстары үшін алғыстарын білдірді. Әсіресе, тіршілігі түбегейлі өзгерген Масанчи ауылы тұрғындарының ризашылығы ерекше. Қордай ауылдарына табиғи газ тартылуда, мектептер мен жолдар жөнделіп жатыр. «Әрине, барлық ауылдарға газ тартылған жоқ. Бәрін бірдей жасау мүмкін емес, мұны түсінулеріңіз керек. Жоспарлау барысында барлық жағдайлар ескеріледі. Атап айтсақ, ауылдың болашағы, жобаның маңыздылығы, шығындар көлемі жан-жақты қарастырылады. Дегенмен, сіздердің аудандарыңызды 2022 жылдың соңына дейін толығымен газдандыру көзделіп отыр»,- деді өңір басшысы Бердібек Сапарбаев. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына тоқталған Рүстем Дәулет барлық салада оң динамика байқалғанын атап өтті. Айталық, өнеркәсіптің дамуы 17,8 миллиард теңге, ауыл шаруашылығы 66,2 миллиард, инвестициялар 40,6 миллиард, құрылыс 22,7 миллиард теңге пайда әкелген. Шағын және орта бизнес бойынша 12200 адам жұмыс істейді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында 4634 қордайлыққа, 17 серіктестікке және 62 шаруа қожалығына 5,6 миллиардтан астам теңгеге несие берілген. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 418,6 миллион теңгеге 18 жобаға қолдау көрсетіліпті. 119,7 миллион теңге сомасындағы тағы жеті жоба «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша несиелендірілген. «Алқаптан сөреге дейін» жобасымен «Eco Chiken» өндірістік кооперативі құс фабрикасын ашу үшін 16,5 миллион теңгелік қолдауға ие болған. «Еңбек» бағдарламасы аясында өткен жылы 148 қордайлыққа 616 миллион теңгеге несие берілді. Тағы 684 адам жалпы 369,7 миллион теңгеге қайтарымсыз гранттарға ие болды», - деп атап өтті Р. Дәулет. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жоба аясында Жамбыл ауылдық округі тұрғындарының 252 өтінімі қаралып, оларға 712,5 миллион теңге сомасында несие берілді. Нәтижесінде округте жеке кәсіпкерлер саны 168-ден 419-ға дейін өсті. Қосымша 139 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды. Өткен жылы ауданда 49,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, алдыңғы жылмен салыстырғанда өсім 146,9 пайызды құраған. Сондай-ақ, 2022 жылдың соңына дейін толығымен газдандырылады деп көзделуде «Биыл Қордай ауданында жалпы құны 4,5 миллиард теңге болатын 60 пәтерлі сегіз көпқабатты үйдің құрылысы басталады. Олардың алтауы кезекте тұрғандарға, ал екеуі биологиялық қауіпсіздік проблемалары бойынша ҚазҒЗИ қызметкерлеріне берілетін болады», - дейді Рүстем Дәулет. «Сонымен қатар, Батыс тұрғын алабында тағы бес көпқабатты 60 пәтерлі үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындау үшін 49,5 миллион теңге бөлінді. Бюджет Қордай және Сортөбе ауылдарында бюджеттік қызметкерлері, аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін екі пәтерлі жаңа тұрғын үйлер салынады», - деп атап өтті аудан әкімі. Ал, тұрғындар бүгінде Қордайдағы ауылдарда бейбітшілік пен келісім орнағанын, дүнгендер мемлекеттік тілді үйреніп жатқанын, жергілікті мектептерде қосымша қазақ тілінде оқытатын сыныптар ашылғанын атап өтті. «Ауылымыздағы оң өзгерістерді көргенде, марқайып қаламыз. Имамдар үйінің ашылуы – діни қызметкер ретінде мен үшін аса маңызды оқиға болды. Сонымен қатар, бүгінде көптеген жаңа мектептер пайдалануға берілуде. Біз ауыл тұрғындарына мұғалімдерді құрметтей білуге үйрететудеміз», - деді Сортөбе мешітінің имамы Губар Фаншаров. Масанчи ауылының қоғамдық кеңесінің төрағасы Исхар Лоу өткен жылы қордайлықтар жемісті жұыс жасады деп санайды. «Біздің ауданның әлеуеті зор. Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген пандемияға қарамастан, біз маңызды жетістіктерге жете алдық. Әрине, өткен жылдың қайғылы оқиғасын ешкім естен шығарған жоқ. Аудан тұрғындары оған өкінішпен қарайды және болған оқиғалардан сабақ алды. Біз енді ондай оқиғаның ешқашан қайталанбайтынына сенімдіміз», - деді ол. Сондай-ақ, облыс әкімі көшпелі қоғамдық қабылдаулардың тиімділігін атап өтті. «Билік халыққа жақындай түсуде, бұл атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын және шешімдер қабылдаудың жеделдігін айтарлықтай арттырады», - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев. Сонымен қатар, ол пандемияның ауыр кезеңінде шекарадағы Қордай ауданы вирустың шетелден ішке кең таралуына жол бермей, өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарғанын атап өтті. «Бүгін мен экономиканың қарқынды өсуін, оған мейлінше риза азаматтарды көріп отырмын. Бізде одан әрі де ілгерілеу үшін бәрі жеткілікті, енді біз жаңа мәселелерді шешуге дайынбыз. Ауыз сумен, электрмен, газбен және жаңа тұрғын үйлермен қамтамасыз ету – 2021 жылға арналған басым бағыттардің негізі. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік салаларын дамыту жайы да назардан түспеуі тиіс», - деп түйіндеді облыс әкімі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар