Жамбылдық полицейлер тұрақты негізде қан тапсырады
Жамбылдық полицейлер донорлыққа қанды тұрақты негізде тапсырады, деп хабарлады Polisia.kz.
12 ақпан күні "Донор күні" акциясы аясында Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері "Бүгін сен көмектес – ертең саған көмектеседі!” қағидасына сүйене отырып, кезекті рет қан тапсыру шарасын жүзеге асырды.
Мұндай іс-шараның басты мақсаты - қан базасын құру қажеттілігі, сонымен қатар барлық адамдарды ерікті түрде донор болуға шақыру.
Полицейлер үшін донорлықты насихаттаудың тиімділігін күшейтуде бірінші басшылардың жеке үлгісі маңызға ие. Облыстық ПД бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетов бүгінгі күні де игі істерден тыс қалған жоқ, өйткені ол тұрақты донор болып табылады.
Тергеу және Анықтау басқармаларының қызметкерлері қан тапсыру шарасында ерекше белсенділік танытты.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Түлектер тәжірибесімен бөлісті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024