дүйсенбі, 25 қараша, 2024 16:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жақсы дәрігерді науқастар асырайды»: Талдықорғандық дәрігер пара алатынын ашық айтты

«Жақсы дәрігерді науқастар асырайды»: Талдықорғандық дәрігер пара алатынын ашық айтты
Сурет: Видеодан скриншот
Оның сөзінше, дәрігерлер пациент «рақметін» алады және ала береді екен

«Письмо Президенту» телеграм арнасында дәрігердің пара алатынын ашық айтып отырған бейнежазбасы жарияланған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Дереккөздің жазуынша, бейнежазба Талдықорғандағы медицина мекемесінде түсірілген.

- Беретін адам өзі береді. Ол 30 жыл болған нәрсе. Жақсы дәрігерді пациент асырайды. Мен мұны мойындап тұрмын. Ол рахмет деді де «рахметін» қалтама салды. Мен оны сұрап алмаймын,- дейді дәрігер бейнежазбада.

Сонымен қатар, осы дәрігердің әлеуметтік желідегі аудиожазбалары да бар. Жағдайды аңдасақ, «пара алатын» дәрігер өзге қызметкерлерге «сөгіс» бермек болған секілді. Ал, желідегі хабарламада «сөгіс» алатын маман жайлы айтылғанға ұқсайды.

- Мен түсініктеме жазыңдар немесе шыға беріңдер дегенмін. Бірақ жындымен жынды болып нем бар. Дәрігерлер пара алады.  Маған пара береді. Оған бермейді. Сондықтан көре алмай жүр ғой,- дейді ол аудиожазбада.

Ал, парақорлық жайында еркін түрде көсіле сөйлеген ақ халатты абзал жанның есім-сойы Меруерт Арапова екен.

- Талдықорғандық дәрігерлер қалай пара алатыны жайында айтудан ұялмайды. Мәселен, Арапова Меруерт Нұрақынқызы жақсы дәрігерді пациенттер асырайтынына сенімді. Біз мұндай медицинамен ұзаққа барамыз. Бірақ теріс жағына. Жемқорлықты мақтан тұтатын бірегей дәрігерлер екен,- дейді телеграм каналдың авторы.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар