Жаңалықтар
Жамбыл облысы Сарысу ауданында дәрігерлер «Бас сүйегінің сынуы» диагнозымен түскен 67 жастағы зейнеткерді құтқарып қалды.
- авторjambylinfo.kz
- 29 маусым, 2023
- 304
Жамбыл облысы Сарысу ауданында дәрігерлер «Бас сүйегінің сынуы» диагнозымен түскен 67 жастағы зейнеткерді құтқарып қалды.
Пациент жедел жәрдеммен шұғыл түрде ауыр халде, Сарысу аудандық ауруханаға түсті.
Бас сүйегінің сынықтары басқа сүйек сынықтары сияқты басқарылмайды. Емдеу бірнеше факторларға байланысты болады. Дәрігер міндетті түрде науқастың жасын, денсаулығын және медициналық тарихын, сондай-ақ сынық түрін, оның ауырлығын және нәтижесінде пайда болған ми жарақаттарын ескереді. Жарақаттың ауырлығына байланысты, бірден ота жасалды. Хирургтер Ажибеков Қайрат және Жуматаев Махамбет, анестезиолог Баешов Еркін, медбике Алтаева Мария, екі сағат бойы аяқтарынан тік тұрып, оның өмірі үшін күресті.
Ота сәтті жасалды. 14.04.2023 жылы науқас үйіне шығарылды, қазіргі кезеңде тәжірибелі дәрігердің бақылауында. Пациентке соммасы 1308736,57 теңге тұратын ота, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды. Пациенттің аурухана дәрігерлеріне, медбикелеріне алғысы шексіз.
Осылайша, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесі бар әрбір аудан тұрғынына МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер тегін және қолжетімді болуда.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала