Жыл басынан бері 3 670 онлайн казино бұғатталды
Туризм индустриясы комитеті онлайн казиноларды анықтау және бұғаттау бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Жыл басынан бері 3670 интернет казино бұғатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ сот шешімімен 5 букмекерлік кеңсе мен 2 тотализатордың лицензиясы тоқтатылды.
Бұған лицензиялық алымды төлеу қарызы, ойын аймақтарынан тыс тіркеу, міндетті резервтің болуы бойынша талаптарды орындамау және басқа да кемшіліктер негіз болды.
2022 жылы комитет 4 ойын автоматтары залына жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын.
Тексеру нәтижесі бойынша 1 зал жабылып, лицензиядан айырылды, 3 залдың қызметі тоқтатылды және 6 әкімшілік айыппұл салынды.
«Жасыратыны жоқ, онлайн казинолар, атап айтқанда, олардың жарнамасы оңай жеңіске жетуге уәде береді, осылайша құмар ойыншылардан ақша табуға тырысады. Бұған қарсы тұру үшін интернетте мониторинг жүргіземіз және қолданыстағы лицензияларды тексереміз. Мысалы, 4 букмекерлік кеңсенің, 3 тотализатордың және 1 ойын автоматтары залының лицензиясын алып қою жұмысы жүргізіліп жатыр»,-деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
2019 жылы елде интернет ресурстарды мониторингілеу үшін «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі іске қосылды.
Бұл бірден бірнеше мемлекеттік органға, соның ішінде Мәдениет және спорт министрлігіне интернет казиноларды жедел анықтауға және оларға кіруге тыйым салуға мүмкіндік береді.
Бұл ретте Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп анықталған интернет-казиноларды бұғаттау туралы ақпаратты қарау мерзімін қысқарту жөнінде шаралар қабылданды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз