Жамбыл облысында 93 адам қауіпті ауруды жұқтырған
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 қараша, 2024
- 458
Бұл туралы Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының бас дәрігері Қыдырбаев Бағлан айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Атап айтқанда, Тараз қаласы – 46 жағдай, Шу ауданы- 10 жағдай және Қордай ауданы- 7 жағдайдан тіркелген. Иммун тапшылығының синдромы (АИВ/ЖИТС) — адамның иммунтапшылық вирусы. Инфекция жұқтырған адамда ешбір ауру белгілері байқалмауы не қысқа мерзімді тұмау тәрізді синдром белгілері пайда болуы мүмкін. Әдетте, инфекцияның симптомсыз кезеңі ұзаққа созылады. Ауру үдеген жағдайда адамның иммунды жүйесі әлсіреп, туберкулез секілді көп кездесетін, сондай-ақ иммунитет қызметі қалыпты адамдарда бола бермейтін оппортунис инфекциялар мен ісіктер пайда болуы мүмкін.
2018 жылы әлемде шамамен 37,9 миллион адамның статусы — АИВ – оң болып, оның 770 000 қайтыс болған. Жұқтырғандардың 20,6 миллионға жуығы Африканың шығысы мен оңтүстігінде тұрады. 2019 жылғы дерек бойынша Қазақстанда 24 мыңнан астам адам АИВ жұқтырған. АИВ/ЖИТС — пандемия, яғни өте ауқымды аймаққа белсенді түрде таралуда. АИВ алғаш рет XIX ғасыр соңында не XX ғасыр басында, Орталық-батыс Африкада пайда болған деген болжам бар