сейсенбі, 18 наурыз, 2025 16:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында мас күйде көлік басқарған шетелдік 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Жамбыл облысында мас күйде көлік басқарған шетелдік 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды
Фото: Polisia.kz
Медициналық сараптама жүргізушінің "орташа дәрежеде" масаң күйде болғанын растады.

Меркіде масаң күйде көлік басқарған шетелдік 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Патрульдік полиция қызметкерлері Меркі - Шу - Бурылбайтал тасжолының бойында күдік тудырған DAF автокөлігін тоқтатты. Полиция қызметкерлері тексеру барысында көлікті басқарған 31 жастағы өзбекстандық азаматтың масаң күйде екенін байқады.

Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлімі бойынша сот шешімімен 15 тәулікке бас бостандығынан және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар