Жуалыда Әлихан Бөкейханның мұрасына арналған пікірсайыс турнирі өтті
- авторjambylinfo.kz
- 3 наурыз, 2025
- 1674

Жуалыда «Әлихан Бөкейханның ұлт тәуелсіздігі жолындағы қызметі» атты аудандық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шара аудандық жастар ресурстық орталығы, аудандық білім бөлімі, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты және №15 Ә. Бөкейханов атындағы тірек мектебінің қолдауымен өтті.
Турнирдің басты мақсаты – жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру, көпшілік алдында сенімді әрі дәлелді сөйлеуге үйрету және ұлттық тарихты терең түсінуге ықпал ету. Жарыс 7 қарардан тұрды, қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, пікірталас мәдениетін жоғары деңгейде көрсете білді.
Қызықты да тартысты өткен пікірсайыс нәтижесінде:
1-орын – «Квантум» командасы
2-орын – «Азамат» командасы
3-орын – «Мағжан жастары» және «Twix» командалары
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Осындай іс-шаралар жастардың тарихи санасын жаңғыртып, ел дамуына бей-жай қарамай, ұлттық құндылықтарды дәріптеуіне мүмкіндік береді. Әлихан Бөкейхан идеяларын кеңінен насихаттауға бағытталған бұл турнир алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз