«Жамбыл облысында медицина мамандары тапшы»
«Денсаулық сақтау саласына бөлінген қаражаттың және мемлекеттік активтердің пайдаланылуына тиімділік аудиті» іс-шарасында ЖО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова аймақтағы ауруханаларда қызметкерлердің жетіспеушілігіне тоқталды. Мамандарға жайлы жағдай жасалу керектігі айтылды.
Жиында денсаулық сақтау саласына бөлінген қаражаттың және мемлекеттік активтердің пайдаланылуы қорытындыларын тексеру комиссиясы жариялады.
Жалпы мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі 155 959,1 млн теңгені құраса, 6 482 млн теңге бұзушылық анықталған. Сондай-ақ, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты да анықталды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз