дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 4:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысының 421 тұрғынын кене шаққан

Жамбыл облысының 421 тұрғынын кене шаққан
ашық дереккөзі
Жамбыл облысының 421 тұрғынын кене шаққан
Жамбыл облысы бойынша кене шағудан зардап шеккен 421 адам тіркелген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 426-ны құраған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап . «Кене шаққан барлық адамдар 14 күн ішінде медициналық бақылауға алынды, клиникалық белгілері, шағымдары жоқ. Медициналық бақылаудан 298 адам алынды», –деді Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Неили Муликова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Сондай-ақ, департамент басшысы орынбасарының айтуынша, облыста жыл басынан бері Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының 3 зертханалық расталған жағдайы тіркелген. Оның екеуі Шу ауданында, біреуі Байзақ ауданында болған. Бүгінгі таңда барлық науқастар хаттамаға сәйкес емдеудің толық курсын алып, сауығып үйлеріне шығарылған. Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында төрт түлікті асылдандыру жұмыстары басталғанын хабарлаған болатынбыз. Көкдөнен ауылдық округінің тұрғындарына келесі жылдың көктемінен бастап «Асылдандыру бағдарламасы» қолжетімді болады. Нәтижесінде ет өнімдері де біршама көбеюі тиіс.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар