дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 2:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысының екі ауданында 4 адам сібір жарасын жұқтырған

Жамбыл облысының екі ауданында 4 адам сібір жарасын жұқтырған
ашық дереккөзі
Жамбыл облысының екі ауданында 4 адам сібір жарасын жұқтырған
Бүгінде Жамбыл облысында адамдар арасында сібір жарасының 4 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, деп хабарлады Жамбылинфо Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, жұқтыру екі ауданда (Талас ауданының Тамды ауылында 3, Жуалы ауданының Көлтоған ауылында 1 жағдай) болған. Эпиданамнездегі 3 жағдайда ауру малдармен байланыс көрсетілген. Науқастар ветеринариялық куәландыруы жоқ малды союға қатысқан, ал жұқтыру факторы ірі қара мал болған. 1 жағдайда инфекция көзі анықталмады. Сібір жарасын адам көбінесе ауру жануарлардан, яғни оларға күтім жасаған, сойған, тұтас етін бөлшектеген, етті аспаздық мақсатта өңдеген, мал шикізатымен жұмыс істеген кезде, ағзасына зақымдалған тері жабындары, шырышты қабаттың шағын жарақаттары арқылы енген кезде жұқтырады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар