Жаңалықтар
Жамбылда көктемгі дала жұмыстарына 7,1 мың техника жұмылдырады
- авторjambylinfo.kz
- 30 наурыз, 2021
- 367
Жамбылда көктемгі дала жұмыстарына 7,1 мың техника жұмылдырады
Ағымдағы жылы Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын 760,8 мың гектар жерге егу жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,0 мың гектарға артық.
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте осылай деген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы айтып берді.
Басқарма басшысының айтуынша, 398,3 мың гектарға дәнді және дәнді бұршақты дақылда егіледі. Сонымен қатар, қант қызылшасы 5,0 мың, майлы дақылдар 60,1 мың, көкөніс-бақша дақылдары 54,9 мың гектарға егілмек. Ал 11,5 мың гектарға картоп, 229,5 мың гектарға мал азығы дақылдарын орналастыру жоспарларында. Егіннің жауы – шегірткеге қарсы шаралар да қабылданған. Облыс бойынша биыл үйірлі және саяқ шегірткелерге қарсы жалпы 67 130 гектар алқапқа химиялық өндеу жұмыстары жүргізіледі.
«2021 жылдың өніміне жалпы күздік дақылдар 165,5 мың гектарға орналасты. Өңделуге жататын 432,5 мың гектар егістік жердің, 60,1 мың гектар өңделіп, бүгінде 13,9 пайызды құрап отыр. Қосымша көктемгі жер жырту жұмыстары 69,5 мың гектарға жоспарланып, бүгінгі күнге нақты 29,5 мың гектар жыртылып, 42,5 пайызды құрады. Сонымен қатар, 28,6 мың гектар жаздық масақты дәнді дақылдар себіліп, жоспардың 13,3 пайызы орындалды»,- дейді Қайрат Аманов.
Өңірде биылғы көктемгі дала жұмыстарына 7,1 мың данадан астам ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылуда. Ал, ел Үкіметі тарапынан облыстың көктемгі науқанға 11,5 мың тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінген. Бүгінгі күнге жоспарланған 5,9 мың тоннаның 5,7 мың тоннасына қаржы аударылып, операторлар тарапынан 4,8 мың тоннасы шаруашылықтарға таратылуда. Айта кетейік, биылғы жылдың өніміне егілетін жаздық дақылдарға қажетті 72,5 мың тонна тұқым толығымен дайын. Су тапшылығын азайту мақсатында ағымдағы жылы су үнемдеу технологияларын 40,0 мың гектарға енгізу жоспарлануда. Ал, егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 1,035 млрд. теңге бөлінген. Бүгінде 30,0 мың тонна минералды тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығы алқаптарына пайдаланылмақ.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала