Коронавирус: Қазақстан «қызыл» аймаққа кірді
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
2021 жылдың 30 наурызындағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау және Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймақта тұр.
«Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары орналасқан.
Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта.
Ал Қазақстан «қызыл» аймаққа өтті.
Еске сала кетсек, Қазақстанда бір тәулікте 1 445 адам коронавирус жұқтырды. Ең көбі Алматы қаласында 545 адам. Елімізде 863 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
Қазір емдеу мекемелерінде 24 180 адам короновирус инфекциясынан ем-дом алып жүр.
Сондай-ақ, 29 наурызда 17 адам коронавирустан қайтыс болды. Оның екеуі коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонямен ауырған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала