Жамбылда мектеп әжетханасында 8 сынып оқушысы көз жұмды
- авторjambylinfo.kz
- 1 мамыр, 2024
- 303
Қайғылы оқиға Байзақ ауданы, Құмжота ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте болған. Күдікті - кәмелетке толмаған жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған,-деп хабарлайды Jambylinfo kz.
Оқиға орнынан ақпарат таратқан журналист Данияр Әлімқұлдың дерегіне сүйенсек, 9 сынып оқушысы өзінен 1 жас кіші яғни 8 сынып оқушысына мектептің даладағы әжетханасында әлімжеттік көрсетіп, кеуде тұсынан ұрып өлтірген.
Облыстық білім басқармасының басшысы бұл оқиғаға байланысты ақпарат беруден бас тартқан.
Алайда бұл ақпаратты Жамбыл облысы Полиция департаменті растап, түсініктеме берді.
"Оқушының өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті – кәмелетке толмаған бала уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ, мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды"-деп жазылған ведомствоның хабарламасында.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз