«Сен біздің құлымызсың». Нұрлан имам келіндерге ақыл айтты
- авторjambylinfo.kz
- 1 мамыр, 2024
- 2.1k
Әлеуметтік желіде кеңінен танымал имамдардың бірі Нұрлан Байжігітұлы отбасылық мәселе жөнінде пікір білдірді, деп жазады jambylinfo.kz.
Нұрлан Байжігітұлы әлеуметтік желіде отбасындағы келіннің рөлі жөнінде қойылған оқырманының сұрағына жауап берді. Оның сөзінше, келін үйдегі қызметші емес. Сондықтан отбасындағылардың көңілінен шығуға міндеттелмейді.
"Келін бәрінің көңіліне қарауы керек" дейді. Сонда, келін жалданған қызметші ма? Ертең қызыңды біреу құл қылып жұмсаса, "сен біздің көңілімізді табу үшін келгенсің" десе не болады? Меніңше, бұл екі тараптың келісімімен болуы керек. Біз көп нәрсені бұлай шешпейміз. Әйтпесе, әуел бастан «сен біздің құлымыз боласың" деп келісіп алыңыздар. Өйтетін болса, ол ешқашан келмейді ғой. Жоқ, олай болмайды ғой. Келін сенің көңіліңді табу үшін келіннің көңіліне де қарау керек шығар,- дейді Нұрлан Байжігітұлы.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз