жұма, 21 наурыз, 2025 5:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаштар отырғызылды

Жамбылда «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаштар отырғызылды
Фото: Jambylinfo.kz
Жаңару күніне орай Тараз қаласы мен аудандарда 10 мыңнан астам жас көшет егілді. Бұл игі іске 5 мыңға жуық адам атсалысты.

 Жамбылда Жаңару күніне орай ағаш егу акциясы өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жамбыл облысында Жаңару күніне орай ағаш отырғызу шарасы өтті. Бұл игі бастама наурыз-сәуір айларында жалғасады. Биыл өңір бойынша 195 мың жасыл желек отырғызу жоспарланған. Сонымен қатар, отырғызылған ағаштарды күтіп-ұстау шаралары да қарастырылған.

19 наурыз – Наурызнама мерекесі аясындағы Жаңару күні. Бұл күн рухани, табиғи және мәдени жаңғыруды білдіреді. Ол адам өміріндегі өзгеріс, жаңа бастамаларға ұмтылу мен дамудың символына айналған.

Бұл күн өткенге көз жүгіртіп, қателіктерден сабақ алуға және болашаққа тың серпінмен қадам басуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өзін-өзі дамытуға, жаңа идеялар мен жобаларды бастауға қолайлы кезең.

 

         

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар