Жамбылда Жеңістің 80 жылдығына орай ардагер Иван Макеевке құрмет көрсетілді
- авторБақытжан Бекболат
- 8 мамыр, 2025
- 186

Салтанатты шарада жүзге жуық әскери қызметкер сап түзеп, ардагер Иван Макеевтің құрметіне арнайы шеру жасады, - хабарлайды Jambylinfo.kz
Олар әскери тәртіп пен жоғары дайындықтың үлгісін көрсетті. Бұл көрініс ардагердің жүрегін тебірентіп, соғыс жылдарындағы естеліктерді қайта жаңғыртты.
Шараға 5513 әскери бөлімнің жеке құрамы мен бөлім командирі, полковник Кәдірбек Ғазиз Оңласынұлы қатысты. Сонымен қатар, Оңтүстік аймағының әскери прокуратурасының аға прокуроры, майор Олжас Несіпбаев та ардагерді арнайы құттықтап келді. Шеруге Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының 28903 әскери бөлімшесінің сарбаздары да қатысты. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша шекара қызметі мен ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты әуеге қарсы қорғаныс бөлімшесінің өкілдері де шараға өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, ҚР Бас прокуратурасының Жамбыл облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаментінің аға прокуроры Жанболат Алимбаев та қатысып, ардагерге құрмет білдірді.
Шара барысында ардагер Иван Макеевке ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың арнайы Алғыс хаты табысталды. Бұл – мемлекет тарапынан соғыс ардагерлерінің жанқиярлық ерлігіне берілген жоғары баға мен ризашылықтың айқын белгісі.
Алматыда Жеңіс күніне арналған дрондар шоуы өтеді
Ұқсас жаңалықтар
Белгілі спорт журналисі Диас Ахметшәріп өмірден өтті
- авторБақытжан Бекболат
- 22 мамыр, 2025
Қазақстанда 1500-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 22 мамыр, 2025