сейсенбі, 10 маусым, 2025 20:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық чемпиондарды халық ыстық ықыласпен қарсы алды

Жамбылдық чемпиондарды халық ыстық ықыласпен қарсы алды
Jambylinfo.kz
Көкпардан жастар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Жамбыл облысының құрамасы топ жарып, туған жерге алтын жүлдемен оралды

Финалда тартысты өткен ойында Шымкент қаласының командасын 5:4 есебімен жеңген жамбылдық шабандоздарды Тараз қаласының халқы ерекше қуанышпен күтіп алды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ойынның негізгі уақыты тең аяқталып, шешуші сәтте Асен Арнұр салған «алтын салым» команданы жеңіске жетеледі. Бұл — Әулиеата өңірінің жастар командасы үшін ел чемпионатындағы тоғызыншы мәрте жеңіс!

Жамбылдық шабандоздар жарыс барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:

5:4 – Түркістан облысы

9:2 – Жетісу облысы

6:3 – Алматы облысы

5:4 – Шымкент қаласы

Барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген команда ұлттық спорттағы шеберліктерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Есжан Құрманбай баптаған құрамның ойыны, тактикалық дайындығы мен төзімділігі жанкүйерлерді тәнті етті. Жамбыл облысына оралған чемпиондарды облыс тұрғындары, спорт жанашырлары мен туыстары Тараз қаласының шығыс қақпасынан ерекше қошеметпен қарсы алды. Қолдарына ту ұстаған жастар, күй тартып, ән шырқаған өнерпаздар — барлығы жеңіс рухын сезініп, қуанышты бөлісті. Бұл жетістік — өңірде ұлттық спортқа көрсетіліп жатқан жүйелі қолдаудың нақты жемісі. Бүгінде көкпар Жамбыл жастары үшін жай ғана спорт емес, рухтың, намыстың, елге деген сүйіспеншіліктің символына айналған.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар